Коронавирус дүниежүзілік экономикалық дағдарыс алып келе ме?

Коронавирус дүниежүзілік экономикалық дағдарыс алып келе ме?

Ахметов Бексултан ( Redactor ) April 5, 2020

Коронавирус әлем экономикасына дағдарыс қаупін елестетуде.Кейбір сарапшылар бұны 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан да бірнеше есе ауыр болады деп болжап отыр. Соңғы жылдары әлем экономикасының көшбасшыларының басына қара бұлт үйірілгені бар – брексит, сауда соғысы, енді міне, коронавирус.

2002-2003 жылдары SARS коронавирусы пайда болған еді. Қытайда бастап таралған вирус әлемнің 25 еліне таралып, 800-ден астам адам көз жұмған және дүние экономикасы 40 млрд доллар көлемінде шығынға батқан еді. Бірақ, ол кездегі Қытайдың ішкі жалпы өнім құны қазіргіден әлдеқайда төмен және жалпы экономикаға әсері де азырақ болатын. Қазір Қытай экономикасы ол кездегіден 9 есеге артты және әлемдік өндірісінің 4 пайызынан 17 пайызына дейін жеткен.

Blog Image 3

Демек, бұл SARS тараған жылдарға қарағанда, Қытай экономикасы әлем үшін әлдеқайда көбірек, яғни 7 есе артық ықпал ететінін білдіреді.Ал қаржылай кризис болса, 250 млрд доллардан да асады деген болжамдар бар.Соңғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс экономика көш басшысы болған Құрама Штаттардан басталған еді.Сол уақыттар да «АҚШ түшкірсе, әлем елдері тымауратып қалады» деген сөз ешкімге де жаңалық емес еді. Ал, қазір бұл сөз Қытайға да қаратылса керек. 2002 жылы Қытайда басталған вирус елдің экономикалық өсімін екі пайызға кеміткен. Бірақ, бұл ол тұста әлемге көп әсер ете қойған жоқ.

Blog Image 1
Blog Image 2
Blog Image 3

Ал, қазірде Қытай экономикалық өсімге бұл деңгейде кері әсер етуі әлем экономикасы үшін бұрынғыдан әлдеқайда ауыр болады деп күтілуде.