Жұқпалы аурудан сақтану

Жұқпалы аурудан сақтану

Мұхтаров Дархан ( Journalist ) April 5, 2020

Қазіргі кезде әлемді дүрліктіріп, барлығын үйден шығармай, карантинге жабуға мәжбүрлеген «тәж вирусы» дерті жұқпалы ауру туралы ойлануға мәжбүрледі. Адамзатты жаппай дертке шалдықтырып, өміріне қауіп төндіретін осындай аурулар қалай тарайды?

Бұл аурудың түрі адамнан адамға жұғу арқылы берілетіні белгілі.Олардың адамнан адамға жұғуы өте қауіпті. Өйткені, ауру адамды емдеуші де сол аурумен ауырып қалуы мүмкін. Сол себепті бұл аурудың түрін емдеу көптеген қиындық туғызады.

Blog Image 3

Айта кетсек, жұқпалы аурулар төрт түрге бөлінеді

Ішек аурулары
Вирус ас қорыту жолдарына ауыз арқылы кіріп, нәжіспен бірге сыртқа шығады. Бұған А гепатиті мысал бола алады. Бұдан сақтану үшін тамақты жер алдында қолды жуып, тамақтың тазалығын тексерген жөн.

Жоғары тыныс жолы аурулары
Бұл шырышты қабықтардың зақымдануы арқылы вирус ауамен жұғады.

Қан немесе трансмиссивті аурулар
Бұл ауру қансорғыштар мен сорғыш насекомдар арқылы тарайды. Бұл аурудың таралуына басқа да жағдайлар көмек беруі мүмкін. Бұл аурудан да сақтануда тазалықтың маңызы зор.

Сыртқы қабықтардың аурулары
Бұл ауру түрі неше түрлі қатынастардан және жанасудан тарайды. Бұның өзі ошақты және жалпы деп екіге бөлінеді. Бұған құтыру, аусыл, делбе сынды аурулар мысал бола алады.

Өздеріңіз көріп тұрғандай,кез-келген жұқпалы аурудан сақтану үшін тазалық керек. Ішекті сақтау үшін тамақ пен қолдың, тыныс жолдарына ауаның тазалығы керек. Ал қан немесе трансмиссивті аурулар мен сыртқы қабық ауруларынан сақтану үшін өз-өзімізг қарап жүруіміз керек. Бұл да тазалықтың бір бөлігі.

Blog Image 1
Blog Image 2
Blog Image 3

Тазалық -иманның жартысы немесе тазалық өркендеудің көрсеткіші деген сынды сөздер бос айтылмаса керек. Сондықтан, әрдайым тазалыққа мән беріңіз!